Емхана директоры күдікке ілінді
Атырау қалалық №4 емхананың директоры өз қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
— Аталған емхана басшысы медбикелерді делдал ете отырып, емхана қызметкерлеріне сыйақы ретінде аударылған ақшалай соманы жинап алу арқылы өз қызметін асыра пайдаланды деген күдікке ілінді. Атырау облысының сыбайлас жемқорлыққа қарсы күрес департаментінің қызметкерлері директордың өз қызметін асыра пайдалану фактісіне байланысты сотқа дейінгі тергеу амалдарын жүргізуде, — деді ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің 1-ші департаментінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Данияр Бекайдаров агенттіктің бүгінгі «Антикор LIVE» айдарында.