21 атыраулықтан коронавирус шықты
Кешегі мәлімет бойынша, Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырудың белгілері бар 21 адам тіркелді. Бұл туралы Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
COVID-19 жұқтырған 2 адам — Теңіз кенішінде жұмыс істейтін мердігер мекемелердің қызметкерлері. 1990 жылы туған ер адам мен 1970 жылы туған әйел адамнан COVID-19 скринигтен өту барысында анықталды.
Ал тағы 10 жағдай Атырау қаласында тіркелді. Олар — 1961, 1963, 1982, 1970, 1973 жылы туған әйел адамдар және 1978, 1981, 1970, 1975, 1957 жылы туған ер адамдар. Олардың біреуі бұрын инфекция жұқтырған науқаспен байланыста болған, алтауынан скринингтен өту кезінде, ал қалғандары ЖРВИ белгілерінің болуына байланысты медициналық көмекке жүгінген.
Тағы 6 жағдай Жылыой ауданынан тіркелді. Олардың төртеуі — 1969, 1963, 1987, 1980 жылы туған әйел адамдар, ал екеуі — 1962, 1982 жылы туған ер адамдар. Барлығы денсаулық жағдайына байланысты медициналық көмекке жүгінген.
Сондай-ақ, 3 жағдай Индер ауданының 1970, 1982, 1981 жылы туған тұрғындарынан анықталды. Олардың екеуінен скринингтен өту кезінде шықса, біреуі вирус жұқтырған науқаспен байланыста болған.
Қазіргі таңда науқастар жұқпалы аурулар ауруханасына оқшауландырылып, хаттамаға сәйкес ем қабылдап жатыр.
Ауру ошақтарында эпидзерттеу және дезинфекциялық жұмыстар жүргізіліп, қарым-қатынаста болғандар анықталуда.
Бүгінге дейін аймақта COVID-19 жұқтырған 1362 адам анықталса, оның 1000-ы — жазылып шыққандар.