Индердегі газ құбыры жер астына ауыстырылады
Осы айдан бастап Индер кентінде «Барлаушы», «Шығыс» мөлтек аудандарында жерүсті орта қысымды болатын газ желісін жерасты газ құбырына ауыстыру жұмыстары жүргізілмек. Жобаны қолға алған «Алау құрылыс» ЖШС мердігер мекемесі оны 6 ай ішінде аяқтауды жоспарлап отыр.
— Аталған жұмыстар аяқталғаннан кейін газ желісі толық жаңғыртылып, «Шығыс» мөлтек ауданының тұрғындары газ желісінен қиындық көрмей, тұрғын үйлеріне кедергісіз қатынайтын болады, — деді «ҚазТрансГаз» аймақ мекемесінің басшысы Сағидолла Құлғалиев.
Осы жоба барысында «Жұмыспен қамту жол картасы» мемлекеттік бағдарламасы аясында жалпы 40 адамды жұмысқа орналастыру көзделіп отыр. Оның жиырмасы жұмыспен қамту орталығы арқылы қабылданады.