Осы айдан бастап балық аулауға рұқсат
Қазақстан Республикасы Ауыл шаруашылығы министрлігі Орман шаруашылығы және жануарлар дүниесі комитетінің 2015 жылғы 24 шілдедегі № 190 бұйрығына сәйкес, 1 сәуірден 15 маусым аралығында балық аулауға шектеу қойылатыны көрсетілген, соған байланысты 16-шы маусымнан бастап енді тұрғындардың өзен, су қоймалары мен тоғандардан балық аулауына болады.
Бастысы, балық аулаушылар өздерімен бірге жеке куәліктерін алып жүрулері қажет.
Алайда рұқсат етілмеген балық аулау құралын пайдалануға, қармақсаптағы ілмектер санын көбейтуге, құрма аумен көпір астынан аулауға, балық қыстайтын шұңқырлардан, қараңғыда және мас күйде балық аулауға тыйым салынады.
Егер балық аулау тәртібін бұзғандар анықталса, әкімшілік жауапқа тартылып, 5-тен 10 айлық есептік көрсеткішке дейінгі мөлшерде айыппұл салынады.