Атырауға Азия параойындарының жүлдегерлері келді

Атыраулықтар Қытай елінің Ханчжоу қаласында өтіп жатқан ІV Азия параойындарында дзюдо күресінен күміс және қола жүлдегер атанған жерлес спортшыларды күтіп алды, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Бүгін Қытай елінен Азия параойындарынан дзюдошылар оралып жатыр. Спортшыларымыз үлкен жетістіктерге жетті. Атырау облысынан 7 спортшы барса, оның 5-і жүлделі орынға ие болды. Ол Атырау үшін үлкен жетістік деп ойлаймын. Бұл жарысқа біз Алматы қаласында дайындалған болатынбыз. Барша бапкерге және қазақ халқына қолдағандары үшін алғысымды білдіремін. Жалпы жарыстың ұйымдастырылуы, өтуі жоғары дәрежеде болды. Бұған халықаралық қауымдастық та жақсы баға беріп отыр,- деді Қазақстан Республикасының парадзюдо жаттықтырушысы Жандос Қиянов.

Айта кетейік, Азия параойындарында дзюдодан атыраулық Зарина Райфова, Жанбота Аманжол, Ерлан Утепов күміс жүлде, Ануар Сариев пен Ғалымжан Сұмағұлұлы қола жүлде иегерлері атанып отыр.

 

Дереккөз: БАТЫС.ИНФО