Жаңалықтар - 27.10.2023

«Тағылымдамадан өтуші» бағдарламасы іске қосылады

30 қазан  күні “Атырау мұнай өңдеу зауыты» ЖШС мен “APEC Training Center» оқу орталығы жоғары білікті жұмысшыларды даярлау үшін бірлескен ұзақ мерзімді «Тағылымдамадан өтуші» бағдарламасын іске асыруға кіріспек.

Осы орайда, 27 қазанда «APEC Training Center» ғимаратында бағдарламаның таныстырылымы өтті.

Бір жыл ішінде колледждер мен жоғары оқу орындарының 60 түлегі «Техникалық қондырғылардың операторы», «Өндірістегі технологиялық сорғылар мен компрессорларды пайдалану», «КИП аспапшысы» бағдарламасы бойынша кәсіби даярлаудан өтеді.

«Тағылымдамадан өтуші» бағдарламасын Атырау мұнай өңдеу зауытының мамандары «ҚазМұнайГазбен» бірлесіп әзірледі және аталмыш бағдарлама ең алдымен «АМӨЗ”-дің кадрлық жағдайын жақсартуға бағытталған.

“Жоба қатысушыларына қызықты, нәтижелі тағылымдама, табыс және сәттілік тілеймін!»- деп атап өтті «АМӨЗ» ЖШС бас директоры Мұрат Досмұратов.

«Апек» оқу орталығының мамандары түлектерді таңдап, сынақтан өткізді. Зауыт басшыларымен және мамандарымен бірлесе отырып сұхбат жүргізіліп, нәтижесінде Қазақстан Республикасының колледждері мен жоғары оқу орындарының ең мықты түлектері іріктелді. Оқытудың тәжірибелік бөлімі Атырау мұнай өңдеу зауытында, ал теориялық бөлімі «APEC Training Center-де» өтеді.

Зауыт бағдарламаға байланысты барлық шығындарды өз мойнына алып қана қоймай, тыңдаушыларға жалақы төлейді.

— «Біздің тренинг орталығы өңіріміздің ғана емес, еліміздің барлық мұнай өңдеу индустриясының – «Атырау мұнай өңдеу зауытының» жетекші кәсіпорындарының бірі үшін кадрлар даярлау жөніндегі ауқымды бағдарламаға қатысқанына қуанышты. Менің ойымша, бұл кәсіпорынның әлеуметтік жауапкершілігінің, оның қазақстандық адами капиталға қосқан үлесінің тамаша үлгісі. Егер барлық жұмыс беруші осындай тактиканы ұстанатын болса, онда бұл қазақстандық мамандарды даярлау деңгейін сапалы жаңа деңгейге шығарады және еліміздің әлеуметтік-экономикалық дамуына оң әсер етеді. Біздің тренинг орталығы өз тарапынан тағылымдамадан өтушілерді оқытудың барынша тиімді бағдарламасын әзірлеуге бар күшін салды. Бағдарламаға қатысушыларға сәттілік тілеймін және осындай маңызды және пайдалы бағдарламада серіктес болу мүмкіндігі үшін «АМӨЗ»-ге алғыс айтамын!»- деді “Арес Training Center” директоры Бөгенбай Татаев.

APEC оқу орталығында оқу үдерісі мен студенттердің тұруын қамтамасыз ету үшін барлық жағдай жасалған: қажетті құрал-жабдықтармен жабдықталған оқу кабинеттері мен өндірістік шеберханалар, интернетке қосылған жайлы қонақ үйлер, асхана мен кофехананы қоса алғанда, бірнеше азық-түлік дүкендері, спорт аймағы қамтылған.

Бағдарламаның оқытушылары мен нұсқаушылары — АМӨЗ өндірісінде үлкен тәжірибесі бар мамандар.

Атырау мұнай өңдеу зауыты үшін кадрларды даярлаудың ауқымды ұзақ мерзімді бағдарламасының енгізілуі оның әлеуметтік жауапкершілігін көрсетеді және Қазақстандағы адами капиталды дамытуға қосқан елеулі үлесі болып табылады. Бұл тәжірибені кәсіпорындар арасында тарату қазақстандық мамандарды даярлау деңгейін айтарлықтай арттырып, елдің әлеуметтік-экономикалық дамуына ықпал етпекші.

Дереккөз: Batys.info

Фото petrocouncil.kz сайтынан алынды.