В.Путин Қ.Тоқаевқа: «Мәскеуге жасаған сапарыңыз — айтулы оқиға»

Еліміздің аумағы арқылы Ресей газын Өзбекстанға тасымалдау жобасын іске қосу рәсімінен кейін Қасым-Жомарт Тоқаев Владимир Путинмен келіссөз жүргізді. Мемлекет басшылары стратегиялық серіктестігінің қазіргі жай-күйі мен екі жақты байланысты одан әрі нығайтуды талқылады.

Қасым-Жомарт Тоқаев, Қазақстан Республикасының Президенті:

— Мемлекеттеріміздің ынтымақтастығы көп жақты сипатта табысты дамып келеді. Елдеріміз арасындағы ықпалдастық, ең алдымен түрлі саладағы стратегиялық және одақтастық қатынастарға негізделген. Бүгін біз ірі жобаны іске қосу рәсіміне қатыстық. Шын мәнінде бұл цифр тұрғысынан айтарлықтай үлкен болмаса да қысқа мерзім ішінде ауқымды жұмыс атқарылды. Әрине мұның символдық мәні келешекте де зор болады.

Владимир Путин, Ресей Федерациясының Президенті:

— Сіздің Мәскеуге жасаған сапарыңыз – айтулы оқиға. Арнайы келгеніңіз, сондай-ақ бүгін таныстырылған жобаны бірге іске асырғанымыз үшін сізге ризашылығымды білдіремін. Әрине бұл бастамасы ғана деп ойлаймын. Әйтсе де, жалпы аймақтың энергетика саласындағы ынтымақтастығына бағытталған алғашқы әрі аса маңызды қадам. Бірлесе атқаратын жұмыс көп.  Барлық бағыт бойынша қатынастарымыз жақсы дамуда. Бұл үшін сізге алғыс айтқым келеді.

 

Дереккөз: 24 kz.