Жаңалықтар - 06.10.2023

Балаларға арналған ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды.

Атырау қаласы күніне орай жергілікті әкімдіктің қолдауымен отбасылық үлгідегі «Шаңырақ» балалар ауылында «Біз бақытты баламыз» атты ойын-сауық бағдарламасы ұйымдастырылды. Іс-шараға қала әкімінің орынбасары Нұржан Ермұханов қатысты, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі.

— Бұл дүниеде баланың күлкісі мен бақытынан артық ештеңе жоқ. Президент Қ.Тоқаев атап өткендей, өскелең ұрпақтың жан-жақты дамуына қолайлы жағдай жасау — мемлекетіміздің басты міндетінің бірі. Бүгін қала әкімі Шәкір Кейкін мырзаның атынан Сіздерге жақсы көңіл сыйлап, осындай шара ұйымдастырып отырмыз. Қала күні құтты болсын! Атырауымыз гүлденіп, көркейе берсін!- деді Н.Ермұханов.

Шарада атыраулық жас таланттар өнер көрсетіп, балаларға мерекелік көңіл-күй сыйлады.

 

Фото analogi.net сайтынан алынған.