Атырауға ҚР Энергетика министрі келді

Бүгін Қазақстанның Энергетика министрі Алмасадам Сәтқалиев Атырау облысының тұрғындарымен есеп беру кездесуін өткізіп, тұрғындарды отын-энергетика кешені саласында өңірде жүзеге асырылып жатқан жобалардан хабардар етіп, сұрақтарына жауап берді.

Атырау облысы еліміздің мұнай-газ саласындағы көшбасшы болып табылады. 2022 жылдың қорытындысы бойынша Атырау облысында 46,8 млн. тонна мұнай өндірілді. Осы жылдың 9 айында мұнай өндіру көлемі 39,2 млн. тоннаны құрады. 2023 жылға арналған жоспар — 51 млн. тонна.

Қазіргі уақытта еліміздің үш негізгі кен орнында ірі жобалар іске асуда. Соның бірі — Теңіз кен орнындағы Келешек кеңейту жобасы.

2024 жылы Ұңғыма ернеуінің қысымын басқару жобасын аяқтау жоспарланып отыр. Бұл мұнай өндіруді жылына 12 млн. тоннаға ұлғайтуға мүмкіндік береді.

Қарашығанақ кен орнында газды кері айдау компрессоры іске қосылды, бесінші компрессорды іске асыру басталды. Оның құны – шамамен 1 млрд. АҚШ долларын құрайды. Сонымен қатар, 735 млн. АҚШ доллары сомасына алтыншы компрессор салына бастаған. Бұл жобалар кен орнында өндіруді жылына 10-11 млн. тонна деңгейінде ұстап тұруға бағытталған.

Қашағанда қуаты 1 млрд. текше метр ілеспе газды қайта өңдеу бойынша жобаны іске асыру басталды. Қашаған газ өңдеу зауытын салу жобасы бойынша жұмыс жалғасып жатыр. Оның қуаты – 2-ден 6 млрд. текше метрге дейін болады.

Сондай-ақ, Министр халықты ұзақ мерзімді баға тұрақтылығын қамтамасыз ету мақсатында сұйытылған мұнай газы нарығын реформалау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы, сонымен қатар, ЖЖМ нарығын үздіксіз қамтамасыз ету жөніндегі қадамдар туралы хабардар етті.

Энергетика министрлігі басшысының айтуынша, қазір 3 мұнай өңдеу зауытында аварияны төмендету бойынша жоспарлар, сондай-ақ, сыртқы электрмен жабдықтаудың сенімділігін қамтамасыз ету үшін Атырау Мұнай өңдеу зауытында «Газ турбиналық станция салу» жобасы жүзеге асқан.

Сонымен қатар, ведомства басшысы тұрғындарға өңірді сенімді электрмен жабдықтау бойынша қабылданып жатқан шаралар туралы түсіндірді. Осыған байланысты «KEGOC» инвестициялық бағдарлама шеңберінде «ҚР БЭЖ Батыс аймағының электр желісін күшейту. Электр желілік объектілерді салу» жобасын бастаған. Жобаны іске асыру мерзімі – 2021-2023 ж.ж.

Бұл жоба Атырау облысының тұтынушыларын электрмен жабдықтаудың сенімділігін арттыруға мүмкіндік береді.