Пәтерді су басқаны үшін мүліктік шығын өндірілді
Атырау қалалық сотында мүліктік және моральдық шығынды өндіру бойынша азаматтық іс қаралды, деп хабарлайды “Батыс-Инфо” порталы Атырау облыстық соты сайтына сілтеме жасай отырып.
Сотпен анықталғандай, үйдің екінші қабатында орналасқан М. есімді азаматқа тиесілі пәтерден талап қоюшы А-ның пәтеріне су кеткен.
Талап қоюшы өзінің арызында жауапкерден 2 125 000 теңге мүліктік шығынды, 1 млн. теңге моральдық шығынды және сот сараптамасына жұмсалған 55 000 теңге мен 21 250 теңге мелекеттік бажды өндіруді сұрады.
Сот отырысы барысында жауапкер талап қоюды ішінара мойындап, соттан моральдық шығын өтемақысы мен сот шығындарын өндіруден бас тартуды сұрады.
Сот шешімімен талап қою қанағаттандырылды, жауапкерден талап қоюшы пайдасына ішінара мүліктік шығын өндірілді, моральдық шығынды өндіруден бас тартылды.
Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ.