Украина қарулы күштері қарсы шабуылды үдетті
Украина қарулы күштерінің Ресей аннексиялап алған Қырымдағы Қара теңіз флоты бас штабына жасаған шабуылынан соң арада бір күн өтпей жатып тағы да жарылыстар болды. Басқыншылардың қолына өткен Севастополь қаласының басшысы Михаил Развожаевтың айтуынша, қалаға атылған зымырандардың беті оңай қайтарылған.
Ал Украина қорғаныс министрлігіне қарасты барлау басқармасының бастығы Кирилл Буданов жұма күнгі шабуылдан, кем дегенде, тоғыз адам жер жастанғанын хабарлады. Сондай-ақ, жараланғандардың ішінде ресейлік генералдар да бар көрінеді. Бірақ бұл мәліметтер ресми түрде растала қоймады.