Роналду командасымен ЧЛ топтық кезеңінде алғашқы жеңісіне қол жеткізді
Иранда Азия чемпиондар лигасының топтық кезеңінің бірінші турының матчы өтті, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» Prosports.kz-ке сілтеме жасап.
Онда жергілікті «Персеполис» саудиялық «Аль-Насрдан» 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
Криштиану Роналдудың командасында гол соққандар — Абдулрахман Ғариб пен Мұхаммед Касем.
Роналду мен Садио Мане «Аль-Наср» сапында матчты алғашқы минуттан бастады.






