Атырауда жоғалған бала кәріз құдығынан табылды

Атырауда жоғалған бала кәріз құдығынан табылды. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.

Оқиға 19 қыркүйек күні Аққыстау ауылында болған. 30 жастағы тұрғын сағат 17:48 шамасында тәртіп сақшыларына 5 жастағы ұлының жоғалып кеткендігін айтып, көмек сұрапты.

Оқиға орнына келген полицейлер іздестіру кезінде баланың дауысын үй маңындағы кәріз құдығынан шығып жатқанын анықтаған. Полицейлер баланы дер кезінде құтқарып үлгерді.

Департаменттің мәліметінше, дәрігерлер баланы тексерген. Қазір бүлдіршіннің өміріне еш қауіп жоқ.