Атырауда әуесқой балықшылар қайығы соқтығысқан

Атырауда әуесқой балықшылар қайығы соқтығысқан, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» ақпараттық порталы Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып.

Бүгін сағат 07:00 шамасында Атырау қаласына қарасты Дамбы ауылы тұсында екі қайық соқтығысып, салдарынан 1973 жылы туған азамат ауыр күйде облыстық ауруханаға жеткізілген.

Ал 1974 жылғы азамат оқиға орнында қайтыс болды.  Тексеру барысында 1992 және 1988 жылы туған қайық жүргізушілерінің су көлігін басқаруға рұқсат қағаздары бар екендігі анықталды.

Қазіргі уақытта тергеу амалдары жүргізілуде.