Теңіз кен орнының 4 мың қызметкері вакцина алды

Атырау облысында коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина алғысы келетін мұнайшылардың саны артып келеді. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады.
Бүгінде Теңіз кенішінің 4 мыңнан астам қызметкері «Спутник V» вакцинасының I компонентімен егілді. Осылайша, «Теңізшевройл» компаниясы үшін денсаулық сақтау басқармасы бөлген вакциналар саны толық игерілген.
Соңғы ресми мәліметтер бойынша, Теңіз кен орны қызметкерлерінің арасында 9 500 адам вакцинациядан өтуге ниет білдірген.
Айта кетейік, ТШО қызметкерлерін вакцинациялау тек ерікті негізде жүргізілуде.