Атырауда 170-ке жуық мас жүргізуші ұсталды (+ВИДЕО)

Жыл басталысымен Патрульдік полиция қызметкерлерімен мас күйінде көлік басқарған 170-ке жуық жүргізуші жауапкершілікке тартылды — деді Атырау облысы полиция департаментінің бастығы полиция полковнигі Қамза Үмбетқалиев.
Мысалы, 18 сәуір күні сағат 19:05 шамасында Атырау қаласы Полиция басқармасының жедел басқару орталығының бейнебақылау инспекторлары 17-балабакшаның алдында тұрған ВАЗ-21099 маркалы автокөлік жүргізушісінің алкогольдік ішімдік ішіп отырғанын байкаған. Біраз уакыттан кейін Сәтпаев данғылына қарай бағыт алған көлікті тоқтату мақсатында, патрульдік полиция қызметкерлеріне бағыттама беріліп, аталған автокөлік Тайманов-Сәтпаев киылысында токтатылған.
Тексеріс барысында 32 жастағы көлік жүргізушісінің жеңіл дәрежедегі мас екендігі анықталып, оған қатысты ҚР ӘҚБтК-нің 608 бабының 1 бөлімімен (жүргізушінің көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруы, сол сияқты көлік құралын алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйдегі адамның басқарғаны) әкімшілік хаттама жасақталып, жинақталған іс-құжаттар шешім қабылдау үшін әкімшілік сотқа жолданды.