Алексей Цой 1-тоқсанды қашықтан оқытуды ұсынды
ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой мектеп оқушыларын бірінші тоқсанда қашықтан оқытуды ұсынды. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады.
– Бірінші карантинде мектепке дейінгі ұйымдарда кезекші топтар ашуымыз сәтсіз тәжірибе болды, онда коронавирус инфекциясы тіркеліп, жабылып жатты. Яғни, біз үшін еліміздегі қазіргі аурудың төмендеу қарқынын ұстап тұру маңызды. Балалар арасында ауруды таратып алмау керек. Қашықтан оқыту шарасы уақытша екенін тағы да айта кетейін, – деді министр Орталық коммуникациялар қызметінде.
– Сондықтан мектептегі бірінші тоқсанда қашықтан оқыту форматын сақтауға кеңес береміз. Әрі қарай ұйымдасқан ұжымдарымызда қанша науқас шығатынын зерттейміз және бұл мәселені ведомтсвоаралық комиссияға шығарып, қосымша қарастырамыз, – деді Цой.