Зейнетақы жинағынан да ақша ұстайды

Қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін 2021 жылдың басынан бастап ала алады. Қолданыстағы Салық кодексінің 320-бабының 1-тармағына сәйкес, осы баптың 2-тармағында көрсетілген табыстарды қоспағанда, салық төлеушінің табысына 10% мөлшерінде салық салынады.
Ал осы кодекстің 320-бабының 2-тармағында Қазақстан Республикасындағы көздерден алынған дивидендтер түріндегі кірістерге 5% мөлшерінде салық салынады.
Осылайша, қазақстандықтар зейнетақы жинағының бір бөлігін алатын болса, соманың 10%-ын салық түрінде төлеуге міндетті.
Сонымен қатар, қайтыс болған туысының зейнетақы салымдарын мұраға алу, Қазақстан азаматтығынан шығатын басқа елге тұрақты тұруға кететін адамдар үшін зейнетақы ақшасын алу кезінде де осындай шарттар бекітілген.