Былтыр қаңтарда жоғалған азамат табылды
Атырау облысында былтырғы қаңтарда із-түзсіз жоғалған азамат Ақтөбе облысының аумағынан табылды. Бұл туралы Атырау облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
2019 жылы қаңтарда үйінен шығып кетіп қайта оралмаған 1979 жылғы азаматты Қызылқоға аудандық полиция бөлімінің жедел уәкілі көршілес Ақтөбе облысына шыққан іссапар кезінде Мұғалжар ауданының Қайыңды елдімекенінің аумағында далалықта мал бағып жүрген жерінен тапқан.
Табылған азаматтың айтуынша, көп ақша табу мақсатымен ата-анасына ескертпей Ақтөбеге кеткен оны сол жақтағы танысы жұмысқа кіргізген.
Осы кезге дейін жұмыс жасаймын деп бір жылдан астам мерзімнің қалай өткенін байқамаған ол өзін ешкімнің күштеп ұстамағанын айтты.