Үздік елдер тізімінде нешінші орындамыз?

Қазақстан әлемдегі үздік елдердің тізімінде 66-орында. Бұл туралы Ranking.kz хабарлады.

US News & World Report басылымы жариялаған тізімнің 1-орында Швейцария тұр. Сондай-ақ, үздік елдердің алғашқы ондығына – Канада, Жапония, Германия және Австралия, Ұлыбритания, АҚШ, Швеция, Нидерланды және Норвегия елдері кірді.
Рейтинг 9 көрсеткіш негізінде дайындалған. Олар: 1) кәсіпкерлікті дамыту; 2) туристер арасында қаншалықты танымал; 3) өз азаматтарына қарым-қатынас (адам құқықтарын қорғау, экология және гендерлік теңдік); 4) мәдени әсер; 5) тарихи мұра; 6) даму әлеуеті; 7) бизнес үшін ашықтық; 8) әскери күш; 9) өмір сапасы.