Тұрмыстық жанжал тыйылмай тұр

Атырау облысында жыл басынан бері «отбасылық — тұрмыстық қатынастар саласындағы құқыққа қарсы әрекеттер» бойынша 674 дерек тіркелген. Бұл туралы Атырау облысы Полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Отбасы-тұрмыстық заң — бірге тұратын ерлі-зайыптылар (тіпті бұрынғы), бірге тұратын адамдар, жақын туыстар, сондай-ақ, ортақ баласы бар адамдар арасындағы қатынастарды реттейді.
Алайда көп ретте отбасы тыныштығын бұзушылар лайықты жазаға тартылмайды. Оған себеп, көптеген жағдайларда үйде айқай-шу, ұрыс шығаратындарға қатысты учаскелік инспекторды (полиция нарядын) шақырумен шектеліп, өтініш жазудан бас тартады.
Осылайша тек облыс орталығы Атыраудың өзінде «102» пультіне жыл басынан бері 3 546 қоңырау келіп түсті, бірақ тек 265 жағдайда ғана отбасы тыныштығын алғандарға арыз жазылған.
Сонымен қатар, Әкімшілік кодекстің
73-бабы бойынша қайталанған жағдайда қамауға дейін (ескерту мен айыппұл да бар) жаза белгіленген.
Жыл басынан осындай 117 құқық бұзушы, атап айтқанда, жанжалдасып қана қоймай, отбасы мүшесіне қасақана жеңіл дене жарақатын салып, зиян келтірген — 170, ұрып-соққан — 45 азамат әкімшілік сотпен қалалық Полиция басқармасының әкімшілік тәртіппен ұсталғандарды арнайы қабылдау орнына қамауға алынды.