Тұрғындар санитарлық нормалар жөнінде шағым бере алады

Info Kazakhstan электрондық платформасы карантин режимінде бизнес жасауға мүмкіндік беріп қана қоймай, сонымен бірге, қоғамдық бақылау қызметін де атқарады.

Бұл туралы ӨКҚ-нің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте «Атамекен» кәсіпкерлер палатасының Атырау облысы бойынша директоры Абдулла Идресов айтты.

— Сайт тек өтініштерді қабылдаумен ғана шектелмейді, ол қоғамдық бақылау функциясын орындайды. Осы арқылы әрбір азамат кәсіпорындардың санитарлық нормаларды бұзғаны туралы шағым бере алады. Ал кәсіпкерлер жеке кабинетінде қалдырған өтініштерінің статусын бақылап, электронды өтінішті, азаматтардың ұсыныстары мен шағымдарын көре алады, — деді Абдулла Идресов.