Айыппұл 16 млн. теңгеден асты

Облыс полицейлері үш күндік «Борышкер» жедел алдын алу іс-шарасын өткізді. Бұл туралы облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметі хабарлады.
Бұл іс-шара өңірде бірінші рет өткізіліп отырған жоқ. Оның мақсаты – борышкерлерді анықтау, құқық бұзушылар арасында айыппұл төлеу туралы хабарламаларды тарату, сондай-ақ, салынған әкімшілік айыппұлдарды өндіртіп алу.

Үш күнде жүргізілген рейдтер кезінде мобильдік топтармен 53 (Атырау қаласы бойынша–12) автокөлік құралы ҚР ӘҚБтК-нің 785-бабы «Әкімшілік құқық бұзушылық туралы істер бойынша іс жүргізуді қамтамасыз ету шаралары» бойынша мемлекеттік нөмірлік белгілерін алып тастаумен айыппұл тұрағына қойылды.Сонымен қатар, 37 борышкерге хабарлама табыс етілді.

Осы үш күнде барлығы 16 млн. 534 теңге айыппұл өндіріліп алынған. Оның 747 750 теңгесі Атырау қаласынан.
Полиция қызметкерлері айыппұл салынған борышкерлерге келесі рейдтік шараларды күтпей, қарыздарды уақтылы өтеуге кеңес береді.