Сенатқа Атыраудан Сағындық Лұқпанов сайланды

Сенат депутаттығына сайлауда Сағындық Лұқпанов дауыстың 86-сын, яғни 82,9%-ын жинады.
Атырау облыстық аумақтық сайлау комиссиясының хатшысы Айнұр Аманжолованың мәліметінше, Сенат депутатын сайлауда әр деңгейдегі мәслихаттардың 111 депутаты дауыс беруі тиіс еді. Бүгінгі сайлауда дауыс беруге мәслихаттардың 105 депутаты қатысты.
– Сенат депутаттығына тіркелген кандидаттардың арасынан Сағындық Лұқпановты жақтап 86 адам дауыс берген. Бұл барлық дауыстың 82,9 процентін құрады. Ал өзге кандидаттар – Серік Смағұлов 11 (10,5%), Сағын Сейілханов 7 (6,73%) дауыс жинады, – дейді хатшысы Айнұр Аманжолова.⁩