Оқушыларға компьютер таратылып жатыр
Атырау облысында компьютер қажет оқушыларға 15 246 мектеп компьютері қайтарымды келісіммен таратылып берілуде. Бұл туралы өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлады.
— Қазіргі уақытта 16 639 оқушының компьютері жоқтығы анықталып отыр. Осы мәселені шешу үшін мектеп компьютерлері уақытша пайдалануға берілуде. Бүгінде 15 246 оқушыға қайтарымды келісіммен мектеп компьютерлері таратылып берілуде, — деді облыстық Білім беру басқармасы басшысының уақытша міндетін атқарушы Алмагүл Қайырлиева.