Емхана басшысының үстінен іс қозғалды
Атырауда емхана басшысы өз қызметкерлерінен заңсыз ақша жинаған. Бұл туралы ҚР Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл агенттігінің аса маңызды істер жөніндегі тергеушісі Қайсар Баржақсыновтың мәлімдегенін ҚазАқпарат хабарлады.
— Атырау облыстық сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет мекеме қызметкерлерінен үстемақы ретінде төленген қаржыны заңсыз жинау арқылы лауазымдық өкілеттіктерін асыра пайдалану фактісі бойынша «Атырау қаласының №7 емханасы» ШЖҚ» РМК басшылығына қатысты сотқа дейінгі тергеуді бастады, — деді Қайсар Баржақсынов.
Оның айтуынша, тергеу мүддесіне және ҚР ҚПК-нің 201-бабына сәйкес өзге ақпарат жариялауға жатпайды.