Құрбан шалуды қашықтан орындауға болады

Құрбан шалуды қашықтан орындауға болады. Бұл туралы Қазақстан мұсылмандары діни басқармасы төрағасының орынбасары, наиб мүфти Ершат Оңғаров Орталық коммуникациялар қызметіндегі брифингте мәлімдеді. 

Халықаралық астрономиялық институттардың болжамы бойынша, биылғы құрбан айт 31-шілдеге сай келеді. Дегенмен оның нақты күнін содан 10 күн бұрын жарияланбақ.

Наиб мүфти егер Құрбан айт мейрамы кезінде қатаң шектеу шаралары созылатын болса, онда басқарма тарапынан нақты жұмыстар қолға алынатынын айтты.

— Шектеу шаралары созылатын болса, айт намазын, өкінішке орай, мешітте оқи алмаймыз. Алайда Құрбан айт мейрамы құрбандық шалумен ерекшеленеді. Құрбандық малын шалуды қашықтан да орындаса да, тапсырыс беру арқылы орындаса да болады. Алла қаласа, біз оған жағдай жасауға тырысамыз. Әрине, бұл ретте жергілікті әкімдік тарапынан реттеу жұмыстары болады. Құрбандық шалу уақытына келер болсақ, биыл 31-шілде деп отырмыз. Сол күні таңнан бастап үш күн бойы күн батқанға дейін құрбандық шалуға болады, — деді Ершат Оңғаров.