Жеңіс Аронов қайтыс болды

Бүгін Қазақстанның мәдениет қайраткері, Жазушылар Одағының мүшесі, атыраулық ақын, «Мерейлі мекен» журналының бас редакторы Жеңіс Аронов дүние салды.

Жеңіс Аронов 1945 жылы 5 қыркүйекте қазіргі Исатай ауданы, Забурын селосында туған.

Оралдың Пушкин атындағы педагогикалық институтының қазақ тілі мен әдебиеті факультетін бітірген. Еңбек жолын Балықшы ауданы Дамба селосында, қазіргі Фариза Оңғарсынова атындағы орта мектепті бітіріп, осы мектептің тәрбиешілік жұмысынан бастаған. 1964-1970 жылдары селолық клубының меңгерушісі, комсомол комитетінің хатшысы, кейін 1970 жылдан 1978 жылға дейін Ф.Оңғарсынова атындағы орта мектепте мұғалім, мектеп директорының тәрбие жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеген. 1978 жылдан мемлекеттік қызметте. Балықшы ауданының «Қызылбалық», «Құрманғазы» ұжымшарларында партия комитетінің хатшысы, 1991 жылдан Балықшы аудандық «Қазақ тілі» қоғамының төрағасы, 1994 жылдан аудан әкімшілігі тілдерді дамыту бөлімінің бастығы қызметтерін атқарды.

1997 жылы облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасының тілдерді дамыту және ішкі саясат бөліміне жұмысқа ауысты. 2004 жылдан 2009 жылдары аралығында облыстық ішкі саясат департаментінде тілдерді дамыту бөлімінің бастығы, ақпараттық саясат және бұқарлық ақпарат құралдарына мониторингі бөлімінде қызметтер атқарып, 2009 жылы мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шықты.

1998 – 2004 жылдары Облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасындағы тілдерді дамыту бөлімінде қызмет атқара жүріп, «Атырау-Жарық» АҚ-ның, «АМӨЗ» АҚ-ның және «Қазақтелеком» АҚ-ның мемлекеттік тілдерді оқыту және мемлекеттік тілде іс-қағаздарын жүргізудегі игі істері жөнінде облыстық семинар-кеңестер өткізіп, олардың атқарған жұмыстары жөнінде әдістемелік кітаптар шығарып, үлгілі жұмыс тәжірибелерін көпшілікке таратты. 1995 жылы Атырау облысы әкімі мен мәслихатының Құрмет грамотасымен марапатталды. 2004 жылы «Қазақстан Республикасының Мәдениет Қайраткері» атағының иесі. 2012 жылы Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Құрмет Грамотасымен» наградталды. Қазақстан Журналистер Одағының және Қазақстан Жазушылар Одағының мүшесі. Ақын, жазушы Ж.Ароновтың өлеңдері 1978 жылы «Жалын» баспасынан шыққан «Балауса» жинағына, 1982 жылы «Атырау айдыны», 1984 жылы «Көңіл әуендері», 1991 жылы «Мерейлі мекен» жинақтарына жарияланды. 2000 жылы «Өлке» баспасынан «Жайықтың жайсаң самалы», 2003 жылы 100 томдық «Қазына» Атырау ақын-жазушыларының кітапханасында «Нұрсәуле» жыр жинағы. 2005 жылы «Доссор түлектері» атты Жем мұнайшылар әулеті жөнінде кітабы жарық көрді. 2006 жылы балықшылар әулетінің азаматтары жөніндегі «Алдыңғы толқын — ағалар», — атты кітабы, 2007 жылы Алматы «Дөйт-Принтхаус» баспасынан еңбек озаты, ұрпақ тәрбиешісі Майке апа жөніндегі «Ана жүрегі» атты кітабы жарық көрді. 2008 жылы «Майдангердің ұлы» атты кітабы, 2010 жылы «Арыс» баспасынан «Айналайын, Атамекен» кітабы жарық көрсе, осы жылдары «Атырау медицинасының шежіресі», өмірден ерте өткен ақын К.Әміровтың «Келеді көктем» өлеңдер жинағын баспаға дайындап жарық көруіне құрылтайшы болды. 2014 жылы «Аспандияр Кенжин – ақ жолды аңсаған азамат» атты кітабы жарыққа шықты.

«Аяз би» ауыл мәдениетін қолдау қорынан 2016 жылы Б.Айтқалиевтың «Көктемнен күзге дейін» өлеңдер жинағын шығаруға, 2017 жылдың наурыз айында журналист Б.Жұматтың «Адамдар. Жылдар. Тағдырлар» атты жинағының жарық көруіне демеушілік жасады. 2017 жылы «Мейірім шуағы» атты естеліктер мен эсселер жинақ кітабы жарық көрді. Ақтөбе қаласындағы «Ақжар АБК» баспаханасынан суретші Ш.Сариевтің 80 жылдығына орай «Шаймардан шұғыласы», «Атырау Жарық» АҚ демеушілігімен В.Шмунктің «Мир вокруг нас» жинағын, өлкетанушы-тарихшы М.Жолжанның «Қазақ тарихы, тіл-әдебиеті және топонимикасының өзекті мәселелері» кітабының жарық көруіне «Аяз би» қоғамдық қорының редакциясынан басылымға дайындалды. Ақынның әндері мен күйлері жұртшылыққа кеңінен таныс, «Шабыт» күйі мен Күзембай Әміровтің сөзіне жазылған «Нарын» атты т.б. әндері облыстық Н.Жантөрин атындағы филормонияның «Нарын» фольклорлық ансамблінің репертуарында жиі орындалады.

2009 жылы мемлекеттік қызметтен зейнеткерлікке шығуына байланысты «ЗМО – энерго» ЖШС–ның менеджері қызметін атқарады. Осы жылы «Аяз би» ауыл мәдениетін қолдау қоғамдық қорын құрды. Қорға 2012 жылы тіркелген өңірлік «Атырау өңірінің энергетигі» газетіне, 2015 жылдан бастап Елбасының «Мәңгілік ел» идеясын насихаттауға арналған «Мерейлі мекен» Республикалық қоғамдық-саяси журналына құрылтайшы, әрі Бас редакторы қызметін атқарады.

«Аяз би» ауыл мәдениетін қолдау қоғамдық қорының жетекшісі ретінде, аудандар мен қала маңы тұрғындарының арасында, Елбасының Жолдауын, «Ел бірлігі» доктринасын, халықтық салт-дәстүрлерді, мемлекеттік тілдің мәртебесі, т.б насихат жұмыстарын жүргізеді. Өмірден ерте өткен ақын – жазушылардың шығармаларының жарық көруіне көмектесіп келеді.

Еңбек жолын мектепті бітіргеннен кейін сол мектепте аға вожатый жұмысынан бастаған. 1971 — 1978 жылдары аталған мектепте мұғалім, 1978—1990 жылдары Балықшы колхозында партия комитетінің хатшысы, 1991 жылдан Балықшы аудандық әкімшілігінің бөлім бастығы, 1998 жылдан облыстық ақпарат және қоғамдық келісім басқармасында бөлім меңгерушісі болып қызмет еткен. 2004 жылдан бері облыстық ішкі саясат департаментінде бөлім бастығы болып жұмыс істейді.

Ақын шығармашылықпен 1960 жылдан бері шұғылданып келеді. Бірнеше өлеңдері мен әңгімелері облыстық, аудандық, республикалық басылымдарда және «Жалын» баспасынан шыққан ұжымдық жинақтарда жарияланған. «Жайықтыр жайсаң самалы» (2000), «Нұр сәуле» (2003), «Доссор түлектері» (2005) сияқты жинақтардың авторы.

1995 жылы Облыс әкімінің Құрмет грамотасымен, 2004 жылы Қазақстан Республикасы Мәдениет және ақпарат министрлігінің «Мәдениет қайраткері» белгісімен марапатталған.