Исатайлық шаруалар игі іс атқарды

«Шаруагерден – дәрігерге» деген атаумен Исатай ауданының фермерлер одағы қайырымдылық акциясын ұйымдастырды. Бұл туралы Исатай ауданы әкімдігінің әлеуметтік желідегі ресми парақшасы хабарлады.

2-шілде күні аудан шаруагерлері аты жаман індетпен күресіп жатқан медицина қызметкерлері мен провизорлық бөлімде ем алып жатқан науқастарға ауыл шаруашылығы өнімдерін мен қажетті медициналық қорғаныш бұйымдарын табыстады.

Төтенше жағдай басталғалы мұдай игі іс Исатай ауданында тұрғындардың өз бастамаларымен бірнеше рет ұйымдастырылды. Аудан шаруагерлері атқарылған шараның әлі де жалғасы болатынын айтты.