19,3 шақырым жолға 1,67 млрд. бөлінді

«Береке» ықшамауданының 42 көшесіне жалпы ұзындығы 19,3 км. жаңа жол төселеді. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.

Республикалық бюджеттен 1,67 млрд. теңге бөлінген жоба «Жұмыспен қамтудың жол картасы» бағдарламасы аясында жүзеге асады. Бірақ жол құрылысын жүргізетін мердігер мекеме әзірге анықтала қоймапты.

19,3 шақырым болатын екі жолақты жолдың ені 6 метрге жетпек.