«Миялы-Ойыл» тас жолының құрылыс жұмыстары басталды

«AMANAT» партиясының 2023-2027 жылдарға арналған «Халықпен бірге» сайлауалды бағдарламасының іс-шаралар жоспарына сәйкес, Қызылқоға ауданында «Миялы-Ойыл» автокөлік жолының құрылыс жұмыстары басталды. Бұл туралы «AMANAT» партиясының баспасөз қызметі мәлім етті.

Құрылыс жұмыстары 2023-2024 жылдарға жоспарланған. Ұзындығы 18,5 шақырымды құрайды. Мердігер мекеме — «Мангистауский комбинат дорожно-стройтельных материалов» АҚ.

Бүгінде 16 шақырым жолдың топырағын көтеру (грунт) жұмыстары толықтай аяқталған. Қазіргі таңда су өткізгіш тұрбалары және мал өткелдерін салу жұмыстары жалғасуда.

Айта кетейік, жоба құны 6 млрд. 200 млн. теңгені құрап отыр. Оның аяқталу мерзімі — 2024 жыл.