Ереже бұзғандарға – еселенген айыппұл

Қазақстанда карантинді бұзғандар үшін айыппұл мөлшері ұлғайтылды. Бұл туралы вице-премьер Ералы Тоғжанов бүгін Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте мәлімдеді.
Оның айтуынша, карантинді бұзғаны үшін айыппұлдар: жеке тұлғалар үшін 30 АЕК-тен (83 340 теңге), заңды тұлғалар үшін 230 АЕК-тен (638 940 теңге) тұрады және тиісті нормативтік-құқықтық акті осы аптада қабылданады.
Еске сала кетейік, бүгін Мемлекеттік комиссия 5-шілдеден бастап елімізде 14 күнге бірқатар шектеу шараларын енгізу шешімін қабылдады.