Атырауда «Рухани жаңғыру» аясында 200-ден астам іс-шара атқарылды
Бүгін Атырау облысының әкімі Махамбет Досмұхамбетовтің төрағалығымен Қоғамдық сананы жаңғырту бағдарламасын іске асыру жөніндегі өңірлік комиссия отырысы өтті. Бұл туралы Атырау облыстық коммуникациялар қызметі хабарлады.
Жиын 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен 2020 жылы енгізілген жобаларды, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының және білім берудің барлық деңгейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың тәрбиелік мәнін қамтыды.
Жиын 2019 жылы атқарылған жұмыстар мен 2020 жылы енгізілген жобаларды, «Ұлы даланың жеті қыры» бағдарламасының және білім берудің барлық деңгейінде «Рухани жаңғыру» бағдарламасын іске асырудың тәрбиелік мәнін қамтыды.
Бүгінде ауыл мектептеріне озық тәжірбиені тарату мақсатында Атырау қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебі, «Білім Инновация» лицейі базасында кіші жобалық кеңселері құрылған. Нәтижесінде, жоғарыда аталған білім мекемелері ауыл мектептерін қамқорлығына алып, жаңартылған білім беру мазмұнын, оқушылардың білімін бағалаудың жаңа жүйесін енгізуде. Әдістемелік қамқорлық шеңберіне кітапханаларды жаңғырту, үш тілді оқыту, робототехника сыныптарында жұмыс жасау жүйесі енеді. Бұл туралы облыстық білім беру басқармасы басшысының м.а. Ақкенже Исапбергенова баяндады.
– 2019-2020 оқу жылында «Туған жер» арнайы жобасының аясында 20 жоба, 200-ден астам шара ұйымдастыру жоспарланған болатын. Есептік мерзім ішінде бұл жобалар жүзеге асып, шараларға 85 мыңнан астам адам қатысты. Бұдан бөлек, жаңа оқу жылында аймақтық «Қазақстан-Атырау» телерадикорпарациясында дарынды оқушыларға арналған 7 кезеңнен тұратын «Дарын» телевизиялық жобасы ұйымдастырылмақ. Жоба қорытындысымен үздік деп табылған оқушыларға ЖОО-ның білім гранттары табыс етіледі, – дейді Ақкенже Исапбергенова.
Комиссия отырысы соңында аймақ басшысы Ұлы Абайдың 175 жылдығына арналған шараларды онлайн-форматта жалғастырып, жоғары деңгейде атап өтілуін қадағалауды тапсырды.