Қытай–Үнді қақтығысы: кім кінәлі?

Қытай мен Үндістанның шекарасында әскерилердің қатысуымен қақтығыс орын алып, адам шығыны болған. Оған екі ел бірін-бірі айыптауда.

Үндістан тарабы Гималай тауының даулы аймағындағы шекарада болған қақтығыстан 20 шақты әскерінің қазаға ұшырағанын растады. Ал Қытай билігі оқиғаның болғанын мойындағанмен, келген шығын туралы әзірге жұмған аузын ашар емес.

Екі жақ бұл аймақта соңғы 45 жылда ешқандай қарулы қақтығыс орын алмағанын және кешегі текетіресте де бір оқ атылмағанын айтады. Қызығы, өткен дүйсенбіде қос елдің әскері таяқпен, бамбук кесінділерімен шайқасқан. Бұл туралы үндістандық БАҚ айта келе, есінен танған әскерлерді өзенге лақтырылғанын жоққа шығармайды.

Қазір Үндістанның жер-жерінде халық көшеге шығып, Қытайдың туын өртеуде. Ал БҰҰ екі елді барынша сабыр сақтауға шақырып жатыр.