Бір күнде 12 әкімшілік хаттама толтырылды

Күшейтілген карантин режимінде Атырауда бір күнде 12 әкімшілік хаттама толтырылған. 

Бұл туралы Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті қызметі басқармасының басшысы Әлібек Қайыров Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифингте хабарлады.​

— Сағат таңғы 6.00—9.00 ​ аралығында жұмысқа баруға, 17.00—20.00 уақыт аралығында үйге қайтуға рұқсат бар. ​ 9.00—17.00 аралығында автокөлік қозғалысы Атырауда толық тоқтап тұр.​ Сонымен бірге, карантиндік талаптардың сақталуы жедел басқару бейне бақылау камералары арқылы қадағалануда. ​ ​

Күні бүгінге дейін Атырауда төтенше жағдай режимін бұзғаны үшін, ​ 482 әкімшілік құқық бұзушылық анықталды. 171 іс бойынша азаматтар қамаққа алынды. 102 адамға ескерту берілді, — деді Әлібек Қайыров.​