Аймақ - Әлеумет - 18.04.2020

Жанұялық жанжалға байланысты қоңырау көбейген

Атырау облысы полиция департаменті Жергілікті қызметі басқармасының басшысы Әлібек Қайыров Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен онлайн брифинге карантин басталғалы Атырауда қылмыс азайғаны туралы хабарлады.

— Атырауда қазіргі кезде қылмыс деңгейі төмендеді. Бүгінгі уақытта 102 операторына түнгі тыныштықты бұзу, жанұялық жанжалға байланысты қоңыраулар көп түсуде, — деп атап өтті спикер Әлібек Қайыров.​

Карантин режимін сақтау мақсатында бүгінде Атырауда полиция құрамымен бірге әскери бөлімдер, ​ денсаулық сақтау саласы бірлескен жұмыс жүргізуде.

Атырау қаласында және Теңіз кенішінде барлығы 8 блок-пост жұмыс істеп тұр. Шектеу бекеттері жұмысына қосымша дрон қондырғылары пайдаланылуда.