Баланың көзі – «Балапанда»

ҚР Білім және ғылым министрлігі 6-сәуір күні «Balapan» арнасындағы сабақтарды ғаламтор арқылы қанша оқушы қарағанын айтты.

Таңғы 09:00-ден басталған бейнесабақтарды арна эфирінен бөлек, «Balapan» телеарнасының сайты арқылы 95 533 адам, Корпорацияның Qazaqstan.tv мобильді қосымшасы арқылы 35 373 адам тамашалаған. Ал balapantv You Tube каналынан бейнесабақтар көрсетілген 6 сағат ішінде 386 мың қаралым жасалды.

«Balapan» телеарнасының You Tube-тағы арнасына сабақ көрсетілгег 6 сағат ішінде 29 мың адам тіркеліп үлгерді.

Сабақтар «Balapan» арнасы мен Қазақ радиосында бірдей уақытта жүреді.