Атырауда COVID-19 жұқтырғандар үш адамға артты

ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің таңғы мәліметі бойынша, елімізде тағы 8 адамның коронавирус індетін жұқтырғаны анықталды. Олардың ішінде 3 науқас — атыраулық.

Жергілікті Денсаулық сақтау басқармасының хабарлауынша, 37 жастағы әйел, 18 жасар бозбала және 82-дегі қарт кісі коронавирус жұқтырған. Соңғысының жағдайы ауыр.

Осыған дейін Атырауда тіркелген 32 науқастың 28-інің хәлі қанағаттанарлық болғанмен, екеуі орташа ауыр жағдайда. Ал тағы екі адамның денсаулығы нашарлаған.

Бүгін анықталған 3 науқаспен байланыста болған адамдар да оқшауланып жатыр.