Атырауда COVID-19 жұқтырғандар саны 23-ке жетті
Бүгін Атырауда коронавирус инфекциясымен тағы 1 адам тіркелді, деп хабарлайды Атырау облысы Өңірлік коммуникациялар қызметі.
Қауіпті вирус 47 жастағы әйел адамнан анықталды. Қазіргі кезде ол адаммен байланыста болғандар анықталып, түгелдей оқшауланды.
Осылайша, Атырауда COVID-19 инфекциясы анықталғандар саны 23-ке жетті. Қазіргі уақытта инфекциондық стационарда – 23 науқас, провизорлық стационарда – 17, карантиндік стационарда 173 адам жатыр. Сонымен қатар, 925 адам үй карантиніне оқшауланған.