Коронавирус: тағы алты адам қосылды

Атырау облысының Өңірлік коммуникациялар қызметінің хабарлауынша, облыс бойынша жұқпалы дертпен ауыратындардың саны бірден алтауға көбейген.

Індетті жұқтырғандардың қатарында 1986, 1983, 1960 жылғы ер және 1969, 1957 жылғы әйел адамдар бар. Ал алтыншы науқас – 18 жастағы қыз.

Қазіргі уақытта оларды арнайы орындарға орналастырып, қажетті ем-дом жасалып жатыр. Сонымен қатар, ауру жұқтырғандармен байланыста болған тұлғалар анықталып, барлығын оқшаулау жұмыстары жүргізілуде.