Жаңалықтар
300 мың теңге жалақы: Р.Зайытовтың ұсынысына жауап берілді
Премьер-Министрдің орынбасары Тамара Дүйсенова Мәжіліс депутаты Ринат Зайытовтың ең төменгі айлық 300 мың теңге болуы керек деген ұсынысына пікір білдірді, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» ҚазАқпаратқа сілтеме жасап. — Ең төменгі еңбекақы деген – біліктілігі жоқ жұмысшының ешқандай үстемеақысыз айлығы. Яғни, әр жұмыс беруші осыдан төмен төлемеуі керек. Еңбек инспекциялары тексерген кезде…
Толығырақ »Қ.Тоқаев Бас прокурордың орынбасарын қызметінен босатты
Болат Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды, деп хабарлайды «Батыс-Инфо» Ақордаға сілтеме жасап. «Мемлекет басшысының өкімімен Болат Бекназарұлы Дембаев Қазақстан Республикасы Бас Прокурорының орынбасары лауазымынан босатылды», — делінген жарлықта.
Толығырақ »“Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін” медалінің күші жойылуы мүмкін
ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі жариялаған «Қазақстан Республикасы Президентінің 2011 жылғы 30 қыркүйектегі № 155 Жарлығына өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» жарлық жобасында «Елбасының қауіпсіздігін айбынды атқарғаны үшін» медалінің күші жойылатыны көрсетілген, — деп хабарлайды «Батыс-Инфо» Tengrinews.kz-ке сілтеме жасап. Президентке тiкелей бағынатын және есеп беретiн кейбiр мемлекеттiк органдардың, Конституциялық Соттың, құқық…
Толығырақ »Жылыойда көрме мен жәрмеңке өтті
Жылыой ауданының 95 жылдығы аясында жергілікті қолөнер шеберлерінің көрмесі және жәрмеңке өтті, деп хабарлайды “Батыс-Инфо” аудан әкімдігінің баспасөз қызметіне сілтеме жасай отырып. «Өнерлі өрен – өлке мақтанышы» атты көрмеге жылыойлық қолөнер шеберлері дайындаған зергерлік және сәндік бұйымдар, өлкенің көрікті жерлерінің суреттері мен макеттері және жылыойлық ақын-жазушылардың кітаптары қойылды. Сондай-ақ, жылыойлық…
Толығырақ »Жылыой ауданының 95 жылдығы аталып өтті
Биыл Жылыой ауданының құрылғанына – 95 жыл, Құлсары қаласына – 22 жыл. Қос мерейтой аясында Құлсары қаласында гала концерт өтті, деп хабарлайды аудан әкімдігінің баспасөз қызметі. Мерекелік шараға қатысқан аудан басшысы Жұмабек Қаражанов барша жылыойлықтарды құттықтап, сөз сөйледі: «Баршаңызды бүгінгі ауданымыздың төл мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Мұнайлы өлкеміздің бақ-берекесі артып,…
Толығырақ »Атырауға Төтенше жағдайлар министрі келді
Атырауға ҚР Төтенше жағдайлар министрі, генерал-майор Сырым Шәріпханов келді, деп хабарлайды “Батыс-Инфо” Министр жұмыс сапары барысында облыс әкімі С.Шапкеновпен кездесу өткізді. Министрдің жеке бақылауымен Алмагүл ықшам ауданында орналасқан 16 қабатты тұрғын үй кешенінде өрт-тактикалық жаттығу өтті. Жаттығу қорытындысымен барлық жеке құрам жұмысына оң баға беріліп, бірқатар ұсыныстар енгізілді. Сонымен қатар,…
Толығырақ »Тіс дәрігері Гиннестің рекордтар кітабына енді
АҚШ-та тұратын тіс дәрігері тіс жууға арналған мыңдаған паста жинап, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО сайты хабарлады. Джорджия тұрғыны Вэл Колпаков жинаған пастаның ұзын саны 2037-ге жетіп жығылады. «Бұл іспен айналысқаныма 22 жыл өтті. 2001 жылы стоматолог ретінде нарықтағы пасталар туралы білуім керек болды. Жүре келе ізденісімнің қызықты…
Толығырақ »Облыс әкімі Шоқпартоғай ауылының тұрғындарымен кездесті
Бүгін Атырау облысының әкімі Серік Шәпкенов Жылыой ауданы, Қара арна ауылдық округі, Шоқпартоғай ауылына жұмыс сапарымен барып, тұрғындармен кездесті. Жиында аймақ басшысы ауыл азаматтарын Жылыой ауданының 95 жылдығымен құттықтап, кейін Қара арна ауылдық округінде жүріп жатқан жұмыстар туралы баяндама жасады. Серік Шәпкенов тұрғындармен өткен мұндай кездесу елді мекендерді дамытуға, алға…
Толығырақ »Археологтар көшпенділердің ерекше қабірін тапты
Ресейлік археологтар Волгоград қаласына жақын маңдағы қорғандардың бірінен көшпенділерге тиесілі қабірді тапты. Ғалымдар оны біздің эрамызға дейінгі екінші ғасырда өмір сүрген сармат тайпасының бейіті деген болжам жасап үлгерді. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО сайты хабарлайды. Қабірді қазу барысында бірнеше зат табылған. Оның ішінде алтынмен әдіптелген киім-кешек, білезіктер, қылыш, жебе толы қорамса, сондай-ақ,…
Толығырақ »Мемлекет басшысы Сауд Арабиясының Короліне хат жолдады
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Қазақстан халқының және жеке өз атынан Қос киенің сақшысы Король Салман бен Әбделазиз Әл Саудты Сауд Арабиясының Ұлттық күнімен құттықтады. Бұл туралы Ақорданың ресми сайты хабарлады. «Бүгінде еліңіз – саяси тұрғыда іргесі берік, экономикасы тұрақты, Таяу Шығыстағы үлгі тұтар мемлекет, сондай-ақ халықаралық қауымдастықтың беделді мүшесі. Алдағы уақытта…
Толығырақ »