Тіс дәрігері Гиннестің рекордтар кітабына енді

АҚШ-та тұратын тіс дәрігері тіс жууға арналған мыңдаған паста жинап, Гиннестің рекордтар кітабына енді. Бұл туралы БАТЫС.ИНФО сайты хабарлады.

Джорджия тұрғыны Вэл Колпаков жинаған пастаның ұзын саны 2037-ге жетіп жығылады.

«Бұл іспен айналысқаныма 22 жыл өтті. 2001 жылы стоматолог ретінде нарықтағы пасталар туралы білуім керек болды. Жүре келе ізденісімнің қызықты хоббиге айналғанын түсіндім» дейді ол.

Колпаковтың сөзінше, коллекциясының ішінде тіпті васаби мен вискидің дәмі шығатын пасталар да бар көрінеді. Бұдан бөлек, ол өткен ғасырдың орта тұсында дайындалған өнімдерді жинаған. Тіс дәрігері ерте кездегі пасталардың құрамына 3 пайыз спирт қосылғанын айтады.