Жаңалықтар
Атырауда 3 адамды көлік қағып кетті
16 қазан күні сағат 14:20 шамасында Атырау қаласы, Азаттық даңғылы бойында 1991 ж.т. азамат Opel Astra автокөлігін басқара отырып, реттелмеген жаяу жүргіншілер өткелінен 3 адамды қағып, жол көлік оқиғасын жасаған, деп хабарлайды Атырау облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі. Салдарынан 1998 ж.т. азаматша және 1980 ж.т., 1967 ж.т. азаматтар жедел-жәрдем көлігімен…
Толығырақ »Атыраудағы «Евразия» шекара бекетіне газ құбырлары тартылып жатыр
Биыл Атырау қаласының Дамбы ауылы, Пешной түбегінде орналасқан ҚР ҰҚК Шекара қызметі 2016 әскери бөлімінің «Евразия» шекара бекетін газбен жабдықтау жұмыстары басталды. Бұл туралы Атырау облысы Энергетика және тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығы басқармасының бөлім басшысы Динара Қуанышева мәлім етті. Оның айтуынша, биыл жергілікті бюджеттен 46,509 млн. теңге қаражат бөлініп, мердігер мекеме…
Толығырақ »Құрманғазы ауданында ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді
24 қазан күні Құрманғазы ауданы әкімдігінің ұйымдастыруымен «Құрманғазы ауданының 95 жылдық» мерейтойына арналған ұлттық спорт түрлерінен жарыс өтеді. Бұл туралы Өңірлік коммуникациялар қызметі хабарлайды. Дүбірлі доданың басты мақсаты — ұлттық спорт түрлерін кең насихаттап, аудан мерейтойын мәдени-спорттық сайыстармен ұштастыру. Төл спорт түрлерін қамтыған дода: 6 шақырымдық «Тай жарыс», 9 шақырымдық…
Толығырақ »Қосшағыл интернатының тәрбиеленушілері шеберлік сағатына қатысты
Құлсары қаласының балалары ай сайын ақысыз түрде түрлі шеберлік сағаттарына қатыса алады. Жуырда осындай шеберлік сағаты Жылыой ауданының Қосшағыл селосындағы интернаттың тәрбиеленушілеріне де өткізілді, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. — Біздің мекемеде аз қамтылған отбасынан шыққан балалар, жартылай жетім балалар және ата-ана қарауынсыз қалған балалар оқиды. Кез-келген бала үшін ішкі…
Толығырақ »Атыраулық полицейлер 5 қабаттың балконына мінген мас адамды құтқарды
15 қазан күні, сағат 04:55 шамасында 102 операторына Береке ықшам ауданында орналасқан пәтердің тұрғыны, көршісі мас күйде тыныштықты бұзғаны туралы хабарлама берген. Оқиға орнына жедел жеткен патрульдік полицейлер 5 қабатқа шығып, жартылай жалаңаш тұрған 1988 ж.т. тұрғынды құтқарып қалды. Өз әрекетін 35 жастағы азамат алкогольдік мас күйде жасағанын, өкінетіндігін жеткізген.…
Толығырақ »Мұрат Мөңкеұлының шығармашылығына арналған жыршы-термешілер байқауы өтті
Атырауда облыс әкімдігінің қолдауымен, облыстық Мәдениет және тілдерді дамыту басқармасының ұйымдастыруымен айтыскер ақын, жырау М.Мөңкеұлының шығармашылығына арналған аймақтық жыршы-термешілер байқауы өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Сайыс М.Мөңкеұлының шығармашылығын жаңғырту, дарынды жастардың орындаушылық шеберліктерін шыңдау және ұлтжандылыққа тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды. Шара барысында Халық шығармашылық орталығының басшысы Жәнібек Аманиязов жарыс қатысушыларына…
Толығырақ »Атырауда өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті
Құтқарушылар күні мерекесіне орай І дәрежелі «Айбын» орденінің иегері — Асқар Забикулинді еске алуға арналған өрт сөндіру-құтқару спортынан жарыс өтті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Шараны Атырау облысы Төтенше жағдайлар департаменті Өрт сөндіру және авариялық-құтқару жұмыстары қызметі бастығының орынбасары, азаматтық қорғау майоры Тілекқабыл Досмағанбетов ашып, қызметкерлерге сәттілік пен жоғары спорттық…
Толығырақ »«Әлем ғылымындағы ортақ тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті
«Бәйтерек аясы» қоғамдық бірлестігінің ұйымдастыруымен Н.Балғынбаев атындағы даму орталығында көрнекті ғалым, техника ғылымдарының докторы Ғаділше Наурызалиннің туғанына 85 жыл толуына арналған «Әлем ғылымындағы ортақ тұлға» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға экономика ғылымдарының докторы Бақтыбек Таубаев, ауылшаруашылығы ғылымдарының докторы Қосыбек Рзағалиев, ҚР мұнай өнеркәсібінің қайраткері Мендеш Салықов, жазушы Мақсат Тәж-Мұрат…
Толығырақ »Атырау қаласында 1 мыңға жуық жаңа жол белгісі орнатылды
Атырауда жыл басынан бері жол-жүріс қозғалысын таңбалы түрде реттейтін, 1 мыңға жуық жаңа жол белгісі орнатылған. Бұл туралы қалалық жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары бөлімі басшысының міндетін атқарушы Алмас Сәрсенов мәлім етті. — Атырау қаласына және қалаға қарасты елді мекендегі автокөлік жолына және жаяу жүргіншілерге арналған жол белгілерді орналастыру Атырау…
Толығырақ »Автомобиль жолдарын қысқы мезгілге дайындау жұмыстары жүргізілуде
Өңірде автомобиль жолдарын күтіп ұстау және қыс мезгіліне дайындау жұмыстары жүзеге асуда. Бұл туралы облыстық Жолаушылар көлігі және автомобиль жолдары басқармасының басшысы Әлібек Мұханбеталиев мәлім етті, деп хабарлайды Өңірлік коммуникациялар қызметі. Оның айтуынша, бүгінде облыстық жолдар 10 бірлік, аудандық және ауылішілік жолдар 64 бірлік, қала мен қала аумағына қарасты елді…
Толығырақ »