Әлеумет
Зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер және қашан алады?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы ақшаны кімдердің алатынын Үкіметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте түсіндірді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады. Министр зейнетақы қорының жеткіліктік шегі мен оның қалай есептелетінін айтып өтті. Жеткіліктік шегі деген – зейнетақы қорындағы қажетті ең төменгі сома. Оның есебі азаматтың жасына…
Толығырақ »Балабақшаны ата-ана таңдайды
Алдағы уақытта ата-аналар балабақшаны өзі таңдайтын болады. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. Министрдің айтуынша, 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшалармен 100 пайыз қамту мәселесін іске асырудың екі ерекшелігі бар. Оның біріншісі, мемлекеттік тапсырыс беру арқылы жекеменшік балабақшаның үлесін арттырып,…
Толығырақ »Қазақстандық вакцина осы айда сыналады
Қыркүйек айының ішінде ҚР Білім және ғылым министрлігіне қарасты Биологиялық қауіпсіздік мәселелері ғылыми-зерттеу институты ғалымдары әзірлеген вакцина 244 еріктіге салынады. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. Аталған институттың Facebook парақшасында жарияланған ақпаратта 2020 жылдың қыркүйегінде 244 еріктіге вакцинаны клиникалық сынау басталатыны жазылған. Оның ішінде 44 ерікті вакцинаны клиникалық сынақтың бірінші фазасында, ал…
Толығырақ »42 500 теңгенің жыры 1 желтоқсанға дейін жалғаспақ
Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің ресми сайты 42 500 теңгені алуға құқығы жоқ деп танылған тұрғындардың өтінішін 1 желтоқсанға дейін қайта қарайтындарын мәлімдеді. – Бұдан бұрын 42 500 теңге әлеуметтік төлемін тағайындау туралы өтінішіңізге бас тарту туралы шешім қабылданған болса, өтінішіңізді қайта қарау мүкіндігі берілуде. Ол үшін аудандық немесе…
Толығырақ »Ауыл әкімдерін халық сайлауы мүмкін
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа Жолдауында ауыл әкімдерін сайлауға қатысты пікір білдірді. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – Жалпы, алдағы саяси реформалар халықтың басқару жүйесіне белсене араласуына бағытталуы тиіс. Қазіргі сауалнамалар көрсетіп отырғандай, қоғам ауыл әкімдерінің сайланғанын қалайды, – деді Тоқаев парламент палаталарының бірлесекен отырысында. Осы орайда президент ауыл әкімдерін…
Толығырақ »«Аңсаған сәби» бағдарламасын бастау тапсырылды
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев үкіметке 2021 жылдан бастап «Аңсаған сәби» арнайы бағдарламасын бастауды тапсырды. – Отбасы – демографиялық жағдай алаңдатып отыр. Өкінішке орай Қазақстанда әрбір алтыншы отбасы сәби сүйе алмайды. Әлеуметтік сауалнаманың көрсеткішіне сәйкес, қазақстандықтардың 20 пайызға жуығы бұны ажырасудың айтарлықтай себебі деп есептейді. БҰҰ-ның Орталық Азиядағы көршілерімізбен салыстырғанда Қазақстан…
Толығырақ »Пандемия кем дегенде 2 жылға созылу мүмкін
Бұл туралы ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі халыққа Жолдауында айтып, оған дайын болуға шақырды. – Біз азаматтарымыздан ештеңені жасырған жоқпыз. Індеттен қайтыс болғандардың көрсеткіштері туралы ақпаратты ашық жариялап, ащы да болса шындықты айттық. Босаңсуға әлі ерте. ДДСҰ болжамдары бойынша, пандемияны жеңу үшін екі жыл қажет, – деді Президент.
Толығырақ »Жаңа экономикалық бағыттың басты 7 қағидаты
ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында еліміздің жаңа экономикалық бағытының басты жеті қағидатын атады. Бұл туралы бақ.кз хабарлады. Президент қазіргі жағдайдағы экономикалық дамуы жайлы айта келе, ұзақмерзімді мұнайлы кезең аяқталғанын жеткізді. – Енді әлемдік нарықтың жаңа конъюнктурасына дайын болуымыз керек. Диверсификацияланған технологиялық экономиканы құру біз үшін жай қажеттілік емес, басқа…
Толығырақ »Жер шетелдіктерге сатылмайды
Бұл туралы мемлекет басшысы бүгінгі Жолдауында мәлімдеді. – 2021 жылы ауыл шаруашылығы мақсатындағы жерлерді пайдалану мәселесі бойынша Жер кодексінің кейбір нормаларына қатысты енгізілген мораторий күшін жояды. Жеріміз шетелдіктерге сатылмайды. Бірақ үкімет ауыл шаруашылығы жерлерін толыққанды экономикалық айналымға енгізудің өзге әдіс-тәсілдерін әзірлеуі тиіс. Аграрлық секторға инвестиция тарту ауадай қажет, – деді…
Толығырақ »Төтенше жағдайлар министрлігі қайта құрылу мүмкін
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев бүгінгі Жолдауында Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құруды ұсынды. – ІІМ құрылымын бейінді емес функциялардан босатып, қайта қарастыру қажет. Бұл осы маңызды ведомство жұмысының тиімділігін арттырады. Табиғи және техногендік апаттар дәуіріне енгенімізді ескере отырып, Төтенше жағдайлар министрлігін қайта құру қажет деп санаймын, – деді Президент.
Толығырақ »