Денсаулық
Өңірге тағы 5 600 вакцина келеді
Атырау облысына коронавирусқа қарсы вакцинаның тағы 5 600 дозасы жеткізіледі. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, Атырауға ертең, 4 наурызда «Спутник V» вакцинасының 2 000 дозасы жеткізіледі. Ал 15 наурызда тағы да 3 600 доза жеткізу көзделіп отыр. – Бірінші кезекте дәрігерлер, мұғалімдер және басқа да санаттағы қызметкерлер…
Толығырақ »Атырау қайтадан «сары» аймаққа өтті
Өңірде өткен тәулікте 35 адамнан коронавирус анықталды. Және кеше осы індеттен 23 адам жазылып шықты. Бұл туралы coronavirus.kz хабарлайды. Қауіпті індет жұқтырғандар санының тәуліктік көрсеткіші бойынша Атырау облысы «сары» аймаққа өтті.
Толығырақ »Биыл 6 миллионға жуық қазақстандық коронавирусқа қарсы вакцина қабылдайды
Бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің кеңейтілген алқа отырысында ведомство басшысы Алексей Цой айтты. – Қазақстанда жеке вакцина әзірлеушілер, сондай-ақ, вакцина өндіруге арналған оқшауланған алаң бар – бұл вакцинамен қамтамасыз етуге байланысты тәуекелдерді барынша азайту және республикамыздағы эпидемиологиялық ахуалды тұрақтандыруға айтарлықтай әсер етеді. Осылайша, 2021 жылы біз 6 млн. астам…
Толығырақ »Өңірде КВИ жұқтырғандар саны азаюда
Атырау облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаментінің мәліметінше, өңірде кеше 14 адам қауіпті дертке шалдыққан. Оның үшеуі Атырау қаласынан болса, тоғызы Теңіз кеніші және екеуі Индер ауданында анықталған. Инфекциясын жұқтырған 6 науқаста ауру симптомды түрде өтуде. Сондай-ақ кеше, коронавирус инфекциясынан 13 адам емделіп шықты. Қазіргі уақытта 140 адам үй жағдайында емделіп жатса, облыстық инфекциялық…
Толығырақ »ЭКҰ-ға 232 квота берілді
Атырауда экстракорпоральды ұрықтандыру тәсілімен бала сүю үшін 232 квота берілді. Атырау облысының бас репродуктологы Айгүл Жанділдашеваның мәліметінше, бұл былтырғы квотадан 8 есе көп. Өткен жылы бала сүюді аңсаған жұптарға 37 квота берілген. – Облыста 800-ге жуық жұп экстракорпоральды ұрықтандыру кезегінде тұр. Алдымен балалы болғысы келетіндер комиссиялық тексеру жүргізетін репродуктологтардың тексеруінен…
Толығырақ »Атыраудағы ауыр апта: 329 адам дәрігерге жүгінген
Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 17–25 ақпан аралығында өңірдің 329 тұрғыны облыстық аурухананың травматологиялық пунктіне жүгінген. – Оның ішінде, 17 адам облыстық аурухананың травматология бөлімінің стационарлық бөлімінде емделіп жатса, жеңіл үсікпен 7 адам амбулаториялық емделуге үйіне жіберілген. Ал 19 адам апаттан зардап шеккен. Және әр түрлі дислокациясы…
Толығырақ »Облысқа наурыз айында «Спутник V» вакцинасының 7,5 мың дозасы келеді
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының мәліметінше, ҚР Денсаулық сақтау министрлігі азаматтардың 8 санатын вакцинациялауды ұсынды. Олардың ішінде: 1) медицина қызметкерлері, бірінші кезекте инфекциялық ауруханалардың, жедел медициналық көмектің, реанимация және қарқынды терапия бөлімшелерінің, медициналық-санитариялық алғашқы көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының, стационарлық көмек көрсететін денсаулық сақтау ұйымдарының қабылдау бөлмелерінің персоналы, санитариялық-эпидемиологиялық қызметтің қызметкерлері;…
Толығырақ »Атырау – «жасыл» аймақта
26 ақпандағы жағдай бойынша, Қазақстан өңірлеріндегі коронавирусқа қатысты эпидахуалды бағалау матрицасы жарияланды. Оған сәйкес, Атырау облысы «сары» аймақтан шығып, қайтадан «жасыл» аймаққа өтті. Кеше өңірде 28 адамнан коронавирус инфекциясы анықталса, 56 науқас аталған дерттен сауығып шыққан. Ал «сары» аймақта: Нұр-Сұлтан қаласы, Ақмола, Батыс Қазақстан, Қостанай және Павлодар облыстары тұр. Қалған…
Толығырақ »Медициналық қызметтер бір мекемеден көрсетіледі
Қазақстан азаматтары медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алатын болады. Тиісті тапсырманы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеді. – Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны биылғы 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды…
Толығырақ »«Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясы шығарылды
Қарағанды фармацевтика кешені «Спутник V» вакцинасының өнеркәсіптік партиясын шығарды. Кеше ҚР Премьер-Министрінің орынбасары Ералы Лұқпанұлы Тоғжанов пен ҚР Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Қарағанды фармацевтика кешені (ҚФК) базасында «Гам-КОВИД-Гак» («Спутник – V») вакцинасының өндірісін және өңірлерге вакцина жеткізу барысын тексерді. – Мемлекет басшысының тапсырмасына сәйкес, отандық фармацевтикалық кешенде вакцинаның өнеркәсіптік…
Толығырақ »