Медициналық қызметтер бір мекемеден көрсетіледі

Қазақстан азаматтары медициналық қызметтерді бір ғана мекемеден алатын болады. Тиісті тапсырманы Ұлттық қоғамдық сенім кеңесінің отырысында ҚР Президенті Қасым-Жомарт Тоқаев жүктеді.

– Азаматтар өздеріне қажетті қызметтің барлығын бір ғана медициналық мекемеден алуға тиіс. Осы жобаны биылғы 1 шілдеден бастап сынақ ретінде, ал 2022 жылғы 1 қаңтардан бастап толыққанды жүзеге асыруды тапсырамын, – деді Мемлекет басшысы.