Атыраудағы ауыр апта: 329 адам дәрігерге жүгінген

Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінің мәліметінше, 17–25 ақпан аралығында өңірдің 329 тұрғыны облыстық аурухананың травматологиялық пунктіне жүгінген.

– Оның ішінде, 17 адам облыстық аурухананың травматология бөлімінің стационарлық бөлімінде емделіп жатса, жеңіл үсікпен 7 адам амбулаториялық емделуге үйіне жіберілген. Ал 19 адам апаттан зардап шеккен. Және әр түрлі дислокациясы мен сынуы бар 54 адам үйде амбулаториялық емделуде, – делінген басқарма баспасөз қызметі таратқан хабарламада.