Басты ақпарат
Токио олимпиадасы келесі жылдан қалмайды
Алдағы жылы Токиодағы олимпиада ойындары коронавирус жағдайына қарамастан өтеді. Бұл туралы CNA сайты хабарлады. – Олимпиада COVID-19 вирусына қарамастан өтеді. Ойындар алдағы жылдың 23 шілдесінен басталады, – деді Халықаралық олимпиада комитетінің вице-президенті Джон Коутс. Сондай-ақ, ол Токио олимпиадасының тақырыбы 2011 жылы Жапонияда болған жойқын жер сілкінісі мен цунами екенін ескере…
Толығырақ »Су беру уақытша тоқтайды
«Атырау облысы Су Арнасы» КМК Жұмыскер кентінің жаңа мектеп аумағына су құбырын қосу бойынша жұмыстарды орындауға байланысты Өркен, Жұмыскер, Жұмыскер-2, Рембаза және Ракуша елдімекендерінде уақытша су беру тоқтатылатынын хабарлады. Судың қайта берілер уақыты әзірге белгісіз.
Толығырақ »Жабайы жануарлар зообақтан босатылу мүмкін
Қазақстанда жабайы жануарлардың бірқатарын зообақта ұстауға тыйым салынуы мүмкін. Бұл туралы ҚазАқпарат хабарлады. – «Жануарларға жауапкершілікпен қарау туралы» заң жобасына елдегі дельфинарийлерді жабу туралы норма енгізіледі. Қазірдің өзінде бұл норманы заң жобасына кіргіздік. Бұл нормада дельфинарийлерге ғана қатысты емес, басқа да жабайы жануарларды ұстау бойынша тыйымдар бар, – деді ҚР…
Толығырақ »Ресейлік вакцина сыналып жатыр
Бұл туралы ҚР премьер-министрінің орынбасары Роман Скляр Үкіметте Жолдауды жүзеге асыру шаралары туралы өткен онлайн баспасөз конференциясында айтты. Склярдың айтуынша, вакцинаны егу немесе екпеу үшінші кезеңнен кейін белгілі болады. – Ол сынақтың үшінші кезеңінен кейін жүзеге асырылады. Қазір сынақтың екі кезеңі аяқталды. Үшінші кезең желтоқсан айына таман аяқталады. Оның қамту ауқымы…
Толығырақ »Доллар қайта қымбаттады
Қазақстанда апта басында доллар бағамы көтерілгенін KASE Қазақстан қор биржасы мәлімдеді. 7 қыркүйектегі таңғы сауда қорытындысы бойынша, доллар биржада 422,74 теңгеден сатылды. Ал 4 қыркүйек, жұма күні доллар 420,76 теңгемен сауданы жапқан еді. Шетел валютасының бағамы 1,98 теңгеге өскен.
Толығырақ »Атырауда балалар ауруы туралы жалған ақпарат тарады
Әлеуметтік желілерде тараған Атырауда балалар арасында жедел ішек ауруы, диарея көбейді делінген ақпарат – жалған. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Атырау облыстық балалар ауруханасының бас дәрігері Нұрқабыл Айтмұханбетовтың айтуынша, 1 тамыздан 4 қыркүйекке дейінгі аралықта облыстық балалар ауруханасынан 62 науқас емделіп шыққан. – Өткен жылдың…
Толығырақ »Тұмауға қарсы екпе мерзімінен бұрын басталады
Елімізде тұмауға қарсы екпе мерзімнен екі апта бұрын басталады. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің ресми өкілі Бағдат Қожахметов мәлімдеді. Оның айтуынша, «СҚ-Фармация» бірыңғай дистрибьюторы тұмауға қарсы екпенің 2 миллионнан астам дозасын сатып алды. Бұл шамамен халықтың 11 пайызын қамтуға жеткілікті. Сонымен қатар, денсаулық сақтау басқармалары қосымша 753…
Толығырақ »Билетті WhatsApp арқылы қайтарасыз
Жол жүру билеттерін және ақшалай қаражаттарын қайтару үшін «Жолаушылар тасымалы» АҚ жолаушылардан келіп түскен өтініштерді қабылдап және мәселені жедел шешу мақсатында бүгіннен бастап WhatsApp +7-707-270-36-64 мессенджерін іске қосты. Билеттер үшін төлемдерді қайтару тәртібі мен билетті сатып алу тәсіліне байланысты қолма-қол ақшамен және қолма-қол ақшасыз есеп айырысу арқылы жүргізіледі: — стансадан…
Толығырақ »Зейнетақы қорындағы ақшаны кімдер және қашан алады?
ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрі Біржан Нұрымбетов зейнетақы қорындағы ақшаны кімдердің алатынын Үкіметінің баспасөз орталығында өткен онлайн брифингте түсіндірді. Бұл туралы BAQ.KZ хабарлады. Министр зейнетақы қорының жеткіліктік шегі мен оның қалай есептелетінін айтып өтті. Жеткіліктік шегі деген – зейнетақы қорындағы қажетті ең төменгі сома. Оның есебі азаматтың жасына…
Толығырақ »Балабақшаны ата-ана таңдайды
Алдағы уақытта ата-аналар балабақшаны өзі таңдайтын болады. ҚазАқпараттың хабарлауынша, бұл туралы ҚР Білім және ғылым министрі Асхат Аймағамбетов Үкімет үйінде өткен баспасөз мәслихатында айтты. Министрдің айтуынша, 6 жасқа дейінгі балаларды балабақшалармен 100 пайыз қамту мәселесін іске асырудың екі ерекшелігі бар. Оның біріншісі, мемлекеттік тапсырыс беру арқылы жекеменшік балабақшаның үлесін арттырып,…
Толығырақ »









