Аймақ
100 бозбала Отан алдындағы міндетін өтеуге аттанды
Атыраудан 100 жас оңтүстік өңірдегі Гвардейск елдімекеніндегі әскери бөлімде қызмет етуге аттанды. Күзгі әскерге шақыру науқаны кезінде Қорғаныс министрлігінің әскери бөлімдеріне жас арбаздардың алғашқы легін аттандыру Атырау облысының қорғаныс істері жөніндегі департаменті жанындағы жинақтау пунктінде өтті. Медициналық комиссиядан өтіп, әскери киімдерін қолға ұстаған 100 болашақ сарбаздың жартысы әскери бөлімге жіберілді.…
Толығырақ »Іс-шара барысында тағы 5 келі есірткі табылды
«Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облысы Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала шетінде орналасқан Зарослый ауылының 28 жастағы тұрғынын ұстады. Мекенжайын тексеру барысында, екі полиэтиелен қапқа салынған есірткі заттары табылып, алынды. Сараптама қортындысымен, тәркіленген есірткі-марихуананың жалпы салмағы 5 келі 30 грамм. ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық…
Толығырақ »Пандемия басталғалы 11 794 бала дүниеге келді
Аймақта пандемия басталғалы бері 12 мыңға жуық нәресте өмірге келген. Бұл туралы Атырау облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Бұл өткен жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 538-ге жоғары. ⠀ 2020 жылдың 1 наурызынан бастап, облыста 11 794 босану дерегі тіркелген. Бұл тәулік бойынша орташа есеппен 25 ана босанды деген сөз.…
Толығырақ »Екінші толқынға 2 080 төсек-орын дайындалады
Атырау облысында коронавирус инфекциясы қайта өршіген жағдай үшін 2 080 инфекциялық төсек-орынды дайындау мүмкіндігі бар. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының басшысы Асхан Байдуәлиевтің мәліметінше, оның ішінде 120 реанимациялық кереует болады. Сондай-ақ, қазір Атырауда модульдік типтегі 200 орындық жұқпалы аурулар ауруханасының құрылысы аяқталған. Енді аталған аурухананы медициналық құрылғылармен жабдықтау жүріп жатыр. Облыста…
Толығырақ »«Жаңғыру жолы» қозғалысы зағип жандарға көмек көрсетті
Атырау облысы бойынша Қазақстан халқы Ассамблеясының «Жаңғыру жолы» жастар қозғалысы «Мөлдір көз» соқырлар қоғамына екі тонна көкөніс өнімдерін алып берді. Қозғалыс жетекшісі, Атырау қалалық мәслихат депутаты Тамила Розметованың айтуынша, мұндай қайырымдылық шарасы алдағы уақытта да жалғасады. Енді олар тек көкөніс өнімдерімен ғана емес, сондай-ақ, мұқтаж жандарды табиғи таза ешкі сүтімен,…
Толығырақ »Оқушылар ескерткіштерді насихаттайды
Атыраудағы Назарбаев Зияткерлік мектебінің оқушылары облыс орталығында белгілі тұлғаларға қойылған ескерткіштерді насихаттауға арналған акция бастады. Мектеп оқушылары аймақтағы ескерткіштер туралы деректерді жинақтап, танымдық видеороликтер циклін әзірлеу үстінде. Олар насихаттық шараны Атырау қаласында қазақтың аяулы ақын қызы, қоғам қайраткері Фариза Оңғарсынованың ескерткішінен бастады. – Оқушылар фото-видеоролик арқылы Фариза ақынның ескерткіші туралы…
Толығырақ »Ақтөбелік жасөспірім Атыраудан табылды
15 жасар ақтөбелік жасөспірім қыз Атырау қаласынан табылды. Атырау облыстық полиция департаменті қызметкерлері «Құқықтық тәртіп» республикалық жедел алдын алу іс-шарасын өткізіп жатыр. Шараның алғашқы үш күнінде түнгі сағат 23:00-ден кейін ата-анасының қарауынсыз көшеде жүрген 94 жасөспірім анықталған. Жасөспірімдердің ата-анасына қатысты әкімшілік хаттама толтырылды. Департаменттің баспасөз қызметінің мәліметінше, 27 қазан күні…
Толығырақ »Чернобыль апатын жоюға атсалысқандар марапатталды
Атырауда Чернобыль апатын жоюға қатысқандар марапатталды. Чернобыль атом электр станциясындағы апат өткен ғасырдың ұмытылмас оқиғасына айналды. Оның зардабын жоюға қазақстандықтар да қатысты. ҚР Төтенше жағдайлар министрі Ю.Ильиннің бұйрығымен бір топ атыраулық азамат «Төтенше жағдайдағы ерлігі үшін» төсбелгісімен марапатталды. Оны облыстық Төтенше жағдайлар департаментінің бастығы, азаматтық қорғау полковнигі Омар Бержанов тапсырды.…
Толығырақ »Өңірде өткен тәулікте 12 адам індет жұқтырды
Өткен тәулікте Атырау облысында коронавирус инфекциясын жұқтырған 12 адам анықталды. Бұл туралы Атырау облыстық Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі хабарлады. Қауіпті дертке шалдыққан науқастардың 9-ы Атырау қаласынан, үшеуі Теңіз кенішінен тіркелген. Коронавирус жұқпасымен науқастанған 5 адамда ауру симптомды болса, жетеуінде симптомсыз түрде өтуде. Сондай-ақ, өткен тәулікте облыс бойынша коронавирус індетінен үй…
Толығырақ »2015 жылы сотталған әйел түрмеге енді қамалды
Сот үкімі 2015 жылы шыққан жеңгетайлық қызмет ұсынып, притон ұстаған атыраулық әйел түрмеге енді қамалды. Бұл туралы Polisia.kz хабарлады. Келіншек 2015 жылдың қыркүйек айында Атырау облысының кәмелетке толмағандар істері жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотының үкімімен Қылмыстық кодекстің 309-бабы бойынша «жезөкшелікпен айналысуға арналған притондар ұйымдастыру немесе оларды ұстау және жеңгетайлық» айыпты деп…
Толығырақ »









