Іс-шара барысында тағы 5 келі есірткі табылды

«Қарасора» жедел профилактикалық іс-шарасы барысында Атырау облысы Полиция Департаментінің Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының қызметкерлері қала шетінде орналасқан Зарослый ауылының 28 жастағы тұрғынын ұстады.
Мекенжайын тексеру барысында, екі полиэтиелен қапқа салынған есірткі заттары табылып, алынды.
Сараптама қортындысымен, тәркіленген есірткі-марихуананың жалпы салмағы 5 келі 30 грамм.
ҚР ҚК-нің 296-бабы «Есірткі, психотроптық заттармен, сол тектестермен өткізу мақсатынсыз заңсыз жұмыс істеу» бойынша сотқа дейінгі тергеп-тексеру жүргізілуде.

Жалпы «Қарасора» жедел шарасы басталған 1 маусымнан бері заңсыз айналымнан 20 кг астам есірткі заттары алынып, тәркіленді.